Көпшілік гранд санайтын клубтарды менсінбеген “Оқжетпестің” бас бапкері мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Aladop.kz.
Оның айтуынша, турнирлік кестеде көш соңында қалғандарды мықты деп атау – бос сөз.
Маманның пайымдауынша, қағаз жүзіндегі атақ пен бұрынғы жетістіктер бүгінгі нәтиженің алдында түкке тұрғысыз. Бапкер өз сөзінде қазіргі жағдайды ащы да болса ашық айтты:
“Кім айтты “Ақтөбе” мен “Астана” фаворит деп? Олар турнирлік кестеде бізден төмен тұр. Мен үшін нағыз фавориттер – қазір көш бастап тұрған “Қайрат” пен “Ордабасы”. Иә, алда бізді “Астана” мен “Ақтөбеге” қарсы ойындар күтіп тұр, бірақ оларды айқын басымдыққа ие командалар деп есептемеймін. Менің түсінігімде фаворит – кестеде бізден жоғары орналасқан ұжымдар.” – деді Ринат Алюетов.
Қазіргі жағдаймен турнир кестесінде “Оқжетпес” – үздік үштікті түйіндеп тұр. "Астана” – көшбасшыларға ілесе алмай, 4-орынға табан тіреген. “Ақтөбе” – тіпті алғашқы бестікке де кіре алмай, 7-орында қалып қойды.
Біздің серіктес: FONBET