Жарнама
Жарнама

Түркістандық клуб смартфон бағасына сатылып кетті – Тақырға отырған “Тұранның” тағдыры не болмақ?

12.05.2026, 10:04

Мемлекет иелігіндегі кәсіби футбол клубтарын жекешелендіру науқаны күтпеген нәтижелермен елді таңғалдыруда. Соның ішінде Түркістанның “Тұран” клубының сатылым бағасы жанкүйерлер мен сарапшылардың жағасын ұстатты, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Онлайн-аукцион қорытындысы бойынша, “Тұран” футбол клубы небәрі 1,1 миллион теңгеге (шамамен 2,3 мың доллар) бағаланды. Бұл — қазіргі нарықтағы орташа деңгейлі көліктің немесе соңғы үлгідегі бірнеше смартфонның құны. ТАСС агенттігінің хабарлауынша, бұл биылғы сатылымдардың ішіндегі ең төменгі көрсеткіш.

Салыстырмалы түрде айтсақ, басқа клубтардың бағасы әлдеқайда жоғары болды. "Ақтөбе” 364 миллион теңгеге (790 мың доллардан астам) сатылып, аукционның ең қымбат лоты атанды. Ал басқа клубтар нарықтық сұранысқа қарай әртүрлі бағада жаңа иелерін тапқан еді.

“Тұранның” тым арзанға бағалануына оның соңғы маусымдағы сәтсіздіктері тікелей әсер еткен көрінеді.

2025 жылғы маусымда клуб ҚПЛ-де небәрі 16 ұпай жинап, турнир кестесінің ең соңғы, 14-ші сатысына тұрақтады.

Ең қымбатқа сатылған “Ақтөбе” маусымды 43 ұпаймен 5-ші орында аяқтаған болатын.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров