Жарнама
Жарнама

Оңтүстікке оралмақ – ҚПЛ жұлдызына Бірінші лигадан ұсыныс түсті

Бүгін, 12:14

Еліміздің ең танымал футболшыларының бірі 33 жасар Бауыржан Исламхан Премьер лиганың алпауыттары сапынан кетіп, Бірінші лигаға ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Елдар Аманбаевтың мәліметінше, Бірінші лигада өнер көрсететін Түркістандық “Тұран” клубы Бауыржан Исламханды өз сапынан көргісі келіп, оған ресми түрде трансферлік ұсыныс тастаған.

“Астана” сапында биылғы маусымда барлық турнирлерді қосқанда 11 матч өткізген Бауыржан үшін бұл жаңа белес болуы мүмкін. Дегенмен, Ұлттық құраманың экс-капитанының Бірінші лигаға ауысуы оңайлықпен жүзеге аспауы мүмкін. 

Бауыржанға Түркістан ұжымы ғана емес, Қызылордалық “Қайсар” да ерекше қызығушылық танытуда. “Қасқырлар” да тәжірибелі шабуылшыны өз қатарларына қосып алып, элитадағы позицияларын күшейтуді көздеп отыр.

Дәл қазір Исламханның алдында үлкен таңдау тұр: не Бірінші лигаға барып, “Тұранның” басты жұлдызы атанып, команданы алға сүйреу, не ҚПЛ-де қалып, “Қайсар” немесе басқа ұжымның жейдесін кию. Қалай болғанда да, оның “Астанадан” кетуі уақыт еншісінде.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров