"Ордабасы" бапкері Андрей Мартин команданың керемет көрсеткіштерінің басты себебін ашып қана қоймай, жазда жасалатын трансферлердің де шетін шығарды, деп хабарлайды Aladop.kz.
Маман Legalbet.kz тілшісіне берген сұхбатында клубтың биылғы маусымға қойған асқақ мақсаттары туралы ашық айтып, маңызды мәлімдеме жасады.
Мартиннің пайымдауынша, “Ордабасы” әуел бастан тек ең биік белестерді бағындыруды көздейтін, амбициясы жоғары ұжым. Бүгінгі таңда Қазақстан біріншілігінде чемпиондықтан үмітті азулы клубтар көп және Шымкенттіктер де бұл қатарға әбден лайықты. Бас бапкер мұндай жетістіктің артында білікті менеджмент тұрғанын ерекше атап өтті:
“Ордабасы — дәстүрлі түрде ең жоғары орындар үшін аяныссыз күресетін ұжым. Менің ойымша, Қазақстанда чемпиондықтан үмітті ұжымдар өте көп. Біз де солардың қатарына толықтай лайықты түрде кіріп отырмыз деп есептеймін. Бізде Қазақстандағы ең үздік, ең мықты басшылық жұмыс істейді. Сондықтан команда басшылық тарапынан қойылған кез келген күрделі тапсырманы орындау үшін барын салуға тас-түйін дайын.” — деді Андрей Мартин.
Маусым ортасында көш басындағы орнын сақтап қалу және чемпиондық бәйгеде сыр бермеу үшін клуб басшылығы мен бапкерлер штабы қазірдің өзінде болашақтың қамын ойластыруда. Андрей Мартин жазғы трансферлік терезеде құрамды қайта жаңғыртуға қатысты жоспарын бөлісті. Оның айтуынша, команданың әлсіз тұстарын жабу үшін жаңа шеберлерді шақырту ісі қолға алынбақ.
Біздің серіктес: FONBET