Шымкенттік “Ордабасының” қорғаныс шебі нығаймақ. Ұзақ уақыт бойы ауыр жарақатпен алысқан Қазақстан құрамасының қорғаушысы Ұлар Жақсыбаев жасыл алаңға қайта оралды, деп хабарлайды Aladop.kz.
Клубтың баспасөз қызметі футболшының жалпы топпен жаттығуды бастағанын ресми түрде хабарлады.
Жақсыбаев үшін соңғы айлар оңайға соққан жоқ. Естеріңізге сала кетейік, ол 2025 жылдың қыркүйек айында “Астанаға” қарсы өткен маңызды матчта тізесінің айқасқан байламдарын үзіп алған болатын. Бұл футболшы мансабындағы ең күрделі жарақаттардың бірі саналады.
Жарақаттан кейін Ұлар Германияның үздік клиникаларының бірінде ота жасатып, ұзақ уақыт бойы қалпына келу процесінен өтті. Енді, міне, сегіз айға жуық үзілістен кейін ол командаластарына қосылып, бабына енуге кірісті.
31 жастағы тәжірибелі қорғаушы Шымкент клубының сапына 2025 жылдың қаңтарында қосылған еді. Ұжым үшін 49 матчқа қатысып, 1 гол соғып, 1 нәтижелі пас берген ол, тағы Ұлттық құрама намысын 3 кездесуде қорғаған.
Біздің серіктес: FONBET