Қазақстан ұлттық құрамасының кеңейтілген тізімі жарияланғаннан кейін, жанкүйерлер мен мамандар арасында қызу талқы басталды. Көпшіліктің назарын аударған басты мәселе — “Тобылдың” белді ойыншысы Жасұлан Жұмашевтың тізімде болмауы. Бұл шешімге футболшының өзі де бейжай қарай алмады, деп хабарлайды Aladop.kz.
Legalbet.kz тілшісіне берген сұхбатында вингер өзінің бабында екенін және бапкерлер штабының таңдауына таңғалғанын жасырмады. Жасұланның айтуынша, ол басты командаға шақырту алуға дайын болған.
“Денсаулығым, Құдайға шүкір, жақсы. Егер мені Қазақстан құрамасына үміткерлердің кеңейтілген тізіміне қоспаса, демек бұдан да қатты жұмыс істеуім керек деген сөз. Солай болуы тиіс шығар. Неліктен шақырту алмағанымды білмеймін. Шынымды айтсам, бұл мен үшін де түсініксіз жағдай.” — деді Жұмашев.
Айта кетсек, бұл жолғы кеңейтілген тізімде бірде-бір “Тобыл” ойыншысы жоқ.
Біздің серіктес: FONBET