Қазақстан Премьер лигасында гол соғудан алдына жан салмай жүрген Елхан Астанов ұлттық құраманың тізіміне енбей қалды, деп хабарлайды Aladop.kz.
“Ордабасының” белді ойыншысы әрі чемпионаттың үздік бомбардирі бапкерлер штабының бұл шешіміне қатысты пікір білдіріп, іштегі өкпесін тарқатты.
Биылғы маусымда керемет ойын үлгісін көрсетіп, голдарды қарша боратып жүрген Астановтың сыртта қалуы жанкүйерлер үшін де үлкен жұмбақ болды. Футболшының өзі де бұл жағдайға не себеп болғанын түсіне алар емес.
Legalbet.kz тілшісіне берген сұхбатында ол өз таңданысын былайша жеткізді:
“Қазақстан құрамасындағылар мені еске алуы үшін тағы не істеуім керек? Шыны керек, тіпті білмеймін. Бапкерлер штабындағы ешкіммен ренжіскен жоқпын, бәрімен қарым-қатынасым жақсы." — деді Астанов.
Біздің серіктес: FONBET