Жарнама
Жарнама

«Ордабасы» Қазақстан футболының тарихына енді: Шымкенттік клуб алты команданың жетістігін қайталады

Бүгін, 13:24

Шымкенттік «Ордабасы» 2026 жылғы маусымды тарихи жетістікпен аяқтады. Команда Қазақстан чемпионаты мен ел кубогын қатар жеңіп алып, отандық футбол тарихында «алтын дубль» жасаған жетінші клуб атанды, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

7 қарашада Түркістан қаласындағы «Түркістан Арена» стадионында өткен Қазақстан кубогының финалында «Ордабасы» Қызылордалық «Қайсарды» 4:1 есебімен жеңді.

Шымкенттік команда матчтың алғашқы минуттарынан-ақ басымдық танытты. Кездесудің 7-минутында Сұлтанбек Астанов есеп ашса, 41-минутта Бьорн Йонсен есеп айырмасын ұлғайтты.

Екінші таймда «Ордабасы» шабуылдарын жалғастырды. 60-минутта Давид Абагна үшінші голды соқты. Ал 71-минутта Эльхан Астанов командасының төртінші добын енгізді.

«Қайсар» сапынан 85-минутта Агоштинью Азеведо мергендік танытқанымен, Қызылордалықтар матч тағдырын өзгерте алмады.

Осылайша, «Ордабасы» өз тарихында үшінші рет Қазақстан кубогының иегері атанды. Бұған дейін Шымкенттік клуб бұл трофейді 2011 және 2022 жылдары жеңіп алған болатын.

«Алтын дубль» жасаған клубтар қатарына қосылды

«Ордабасы» биыл Қазақстан Премьер лигасында да топ жарып, 30 кездесуде 68 ұпай жинады. Шымкенттіктер екінші орын алған Алматылық «Қайраттан» үш ұпайға озып, ел чемпионы атанды.

Қазақстан кубогындағы жеңістен кейін команда бір маусымда екі басты ішкі трофейді иеленіп, тарихи нәтижеге қол жеткізді.

Бұған дейін мұндай жетістікке алты Қазақстандық клуб жеткен:

● «Қайрат» — 1992 жыл;

● «Елімай» — 1995 жыл;

● «Ертіс» — 1997 жыл;

● «Жеңіс» — 2000 жыл;

● «Ақтөбе» — 2008 жыл;

● «Астана» — 2016 жыл.

Енді бұл тізімге «Ордабасы» да қосылды.

Шымкенттік клуб үшін бұл — тарихындағы алғашқы «алтын дубль». Бұған дейін команда чемпиондық атақ пен ел кубогын әртүрлі маусымдарда жеңіп алған еді.

«Ордабасының» жеңісі «Оқжетпеске» де мүмкіндік берді

Қазақстан кубогының финалындағы нәтиже келесі маусымдағы Еурокубок жолдамаларына да әсер етті.

«Ордабасы» ел чемпионы ретінде Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіне қатысу құқығын иеленгендіктен, Қазақстан кубогының жеңімпазына қарастырылған Еурокубоктық орын чемпионатта төртінші сатыға тұрақтаған көкшетаулық «Оқжетпеске» бұйырды.

Осылайша, «Оқжетпес» 2027/28 жылғы маусымда УЕФА Конференция лигасының іріктеу кезеңінде өнер көрсету мүмкіндігіне ие болды.

Ал «Ордабасы» үшін 2026 жыл клуб тарихындағы ең табысты маусымдардың бірі ретінде есте қалмақ. Шымкенттік ұжым бір жылда екі ірі трофей жеңіп алып, Қазақстан футболының тарихына жаңа жетістік жазды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров