Жарнама
Жарнама

“Ордабасы” Ресейлік клубтың Жасұлан Әмір үшін жасаған 3 миллион еуролық ұсынысынан бас тартты

Бүгін, 16:52

Ресейлік "Балтика" клубы ағымдағы трансферлік терезеде Шымкенттік "Ордабасының" 19 жасар шабуылшысы Жасұлан Әмірге ресми ұсыныс тастады, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

ASnews.kz сайтының мәліметінше, Ресей Премьер лигасының өкілі Қазақстандық талантты футболшы үшін3 миллион еуро төлеуге дайын екенін білдірген.

Алайда, "Ордабасы" клубының басшылығы бұл ұсыныстан бас тартуды жөн көрді. Мұндай шешімнің негізгі себебі — клуб босстарының маусым ортасында команданың негізгі ойыншысын жібергісі келмеуі. Қазіргі уақытта "Ордабасы” 16 ойыннан кейін 40 ұпай жинап, Қазақстан Премьер лигасының турнирлік кестесінде көш бастап тұр.

Сонымен қатар, трансфердің жүзеге аспауына футболшының өкілдері қойған талаптар да әсер еткен. Шабуылшының тарапы жаңа клубта оның тұрақты ойын практикасына ие болатынына кепілдік беруді талап етіп отыр.

Жасұлан Әмірдің биылғы маусымдағы көрсеткіштері:

19 матч, 8 гол, 5 нәтижелі пас

Маусым айында Қазақстан ұлттық құрамасы сапында Арменияға қарсы (1:1) алғашқы ойынын өткізіп, нәтижелі паспен көзге түсті.

Transfermarkt порталы 19 жасар футболшының нарықтық құнын 500 мың еуроға бағалайды, яғни Ресейлік клуб ұсынған қаражат ойыншының ресми бағасынан 6 есе көп болған.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров