Жарнама
Жарнама

Сарапшы “Қайрат” — “Сутьеска” жұбындағы айқын фаворитті атады

Бүгін, 18:26

Қазақстан құрамасының бұрынғы қақпашысы Алмат Бекбаев Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі Алматылық "Қайрат" пен Черногориялық "Сутьеска" арасындағы текетіреске қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Маманның айтуынша, қазіргі уақытта Aлматылық клубтың деңгейі қарсыласынан жоғары және команданың көңіл-күйі өте жақсы. Бұған "Қайраттың" Қазақстан чемпионатында қатарынан төрт рет жеңіске жеткені үлкен септігін тигізген.

"Мұндай қарсыласты Алматылық клуб ешқандай қиындықсыз ұтуы тиіс. "Қайрат" бұл жұпта айқын фаворит.” — деп атап өтті Бекбаев Sports.kz сайтына берген сұхбатында.

Екі команда арасындағы алғашқы матч 8 шілде күні Алматыда өтеді, ал қарымта кездесу 16 шілдеде Никшич қаласында (Черногория) ұйымдастырылады.

Қарсы тарап, яғни "Сутьеска” өкілдері де бұл матчқа үлкен дайындықпен келе жатқанын, және Алматылықтардың басымдығын мойндайтынын айтуда.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров