Жарнама
Жарнама

“Ордабасының” жарақаттан көз ашпаған жұлдызы жанкүйерлерге ұзақ күткен сүйінші хабарды жеткізді

Бүгін, 12:03

Шымкенттік “Ордабасы” мен Молдова ұлттық құрамасының қорғаушысы Виктор Мудрак алаңға қайта оралатын нақты уақытын жариялады, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Бір жылдан астам уақыт бұрын ауыр жарақат алып, жасыл алаңнан шеттеп қалған футболшы Legalbet.kz сайтына берген сұхбатында өзінің қазіргі денсаулық жағдайы мен дайындық барысы туралы ағынан жарылды.

Виктор Мудрак ұзақ уақытқа созылған емделу мен оңалту кезеңінен кейін, ақыры команданың негізгі құрамына қосылған. Алайда дәрігерлер мен бапкерлер штабы тәжірибелі қорғаушыны әлі де барынша сақтап отыр.

“Қазіргі уақытта жалпы топпен бірге жаттығып жүрмін. Алаңдағы барлық жаттығуларды екіжақты қақтығыстарсыз, яғни басқа ойыншылармен дене байланысына түспей орындап жатырмын. Келесі аптада жаттығуларды нақты контактімен бастаймын. Ал алдағы “Қайратқа” қарсы кездесуден кейін алаңға толыққанды ораламын.” — деді футболшы.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров