"Тобыл" бапкері Мирослав Ромащенконың орнын кім басатыны белгілі болды, деп хабарлайды Aladop.kz.
Дереккөздердің мәліметі бойынша, команданың бас бапкері Мирослав Ромащенко алдағы күндері ресми түрде қызметінен қуылуы мүмкін. Клуб басшылығы сәтсіздікке ұшыраған маманның орнына келетін үміткерлердің тізімін жасап, тіпті жаңа бапкердің келетін нақты күнін де белгілеп қойған.
Мирослав Ромащенконың тағдыры Қазақстан Премьер лигасының келесі турында өтетін “Атырауға” қарсы кездесуде шешілмек. Бұл ойын Ресейлік маман үшін соңғы мүмкіндік екені ашық айтылуда.
Егер команда келесі турда батыстық ұжымды жеңе алмайтын болса, клуб басшылығы бас бапкерді шұғыл түрде қызметінен босатпақ.
Естеріңізге сала кетейік, Ромащенко биылғы жылдың 22 сәуірінде ғана “Тобылдың” тізгінін ұстаған болатын.
Қостанайлықтар Ромащенконың жетекшілігіндегі алғашқы матчта “Каспийден” басым түскенімен, қатарынан төрт бірдей матчта масқара түрде жеңіліс тауып отыр.
Ұжымның бас бапкері лауазымына басты үміткер ретінде жанкүйерлерге жақсы таныс Сербиялық маман Милич Чурчичтің есімі аталуда. Бейресми ақпарат бойынша, Серб маманы 1 маусымнан бастап-ақ “Тобылды” ресми түрде басқаруы мүмкін. Сондай-ақ Қайрат Нұрдәулетовпен Самат Смақовтардың да есімі аталуда.
Біздің серіктес: FONBET