Жарнама
Жарнама

“Ертіс” өз үйіне оралды – Жұмасқалиев шәкірттері жаңартылған алаңда ойнайды

Бүгін, 19:07

Павлодарлық ұжым Қазақстан Премьер лигасының алдағы турында-ақ өз қаласында, жаңартылған жасыл төсеніште қарсыластарын қабылдайтын болады, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

"Орталық” стадионның көгалын ауыстыру жұмыстары жүргізілуі себепті клуб мамыр айынан бері үй матчтарын өз жанкүйерлерінің алдында емес, Астана қаласында өткізуге мәжбүр болған еді. Реконструкциялау және жөндеу процесі шамамен екі айға созылды.

"Ертіс” өз үйіне оралғаннан кейін, Премьер лига шеңберінде өз үй матчтарын басқа аймақтарда өткізіп жүрген тек екі-ақ клуб қалады. Олар:

– “Атырау” : қарсыластарын әлі де Түркістан қаласында қабылдауды жалғастыруда.

– “Каспий” : үй кездесулерін Қызылорда қаласында өткізіп жатыр.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров