Алматының «Қайрат» клубының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин Конференция лигасының жалпы кезеңіндегі «Панатинаикосқа» қарсы матч алдындағы дайындық барысы туралы айтып, Грек командасының деңгейіне баға берді, деп хабарлайды Aladop.kz.
Оның сөзінше, қарсылас — тәжірибелі әрі сапалы футболшылары бар ірі клуб.
Уразбахтиннің айтуынша, Алматылық команда алдағы кездесуге әдеттегі тәртіппен дайындалып жатыр. Бапкерлер штабы Еурокубоктік матч алдында негізгі ойыншыларды арнайы демалдыруды жоспарламаған. Мамандының пікірінше, футболшылар Қазақстан чемпионаты мен халықаралық турнирдегі ойындарға бірдей жауапкершілікпен қарауы керек.
«Маусым соңына қарай аздап шаршау бар. Бірақ жеңіске жетіп жүргенде оны аса сезіне бермейсің. Былтыр үш күн сайын матч өткізу бізге қиындау соғатын. Биыл мұндай кестеге бейімделдік, тәжірибе жинадық. Қазір осы қарқынмен ойнау бізге жеңілірек», — деді бас бапкер.
Уразбахтин «Панатинаикостың» бас бапкері Якоб Нееструптің ойын стиліне де тоқталды. Мамандар былтыр Нееструп «Копенгагенді» жаттықтырған кезде кездескен. Қазақстандық маман оның командалары белсенді прессинг жасап, қарсыласқа қысым көрсетуге тырысатынын атап өтті. Дегенмен Грек клубы допқа көбірек иелік етуге бейім екенін айтты.
«Панатинаикос — Грекиядағы ірі клуб. Құрамында жоғары деңгейлі футболшылар бар. Бірақ кез келген қарсыласпен ойнауға болады. Біздің міндетіміз — ешкімнен қорықпау. Өз алаңымызда ойнаймыз, сондықтан мүмкіндіктерімізді іздейміз», — деді Уразбахтин.
Бас бапкер матчта үш орталық қорғаушымен ойнау мүмкіндігі туралы да пікір білдірді. Оның айтуынша, тактикалық сызбадан бұрын футболшылардың физикалық және эмоционалдық жағдайы маңызды. Сондықтан нақты құрам туралы шешім ойынға дейін қабылданады.
«Қайрат» пен «Панатинаикос» арасындағы Конференция лигасының жалпы кезеңіндегі екінші тур кездесуі 22 қазанда Алматының Орталық стадионында өтеді. Матч Астана уақытымен 19:30-да басталады. Алғашқы турда «Қайрат» «Ригамен» 1:1 есебімен тең түссе, «Панатинаикос» «Борацты» 2:1 есебімен жеңген болатын.
Біздің серіктес: FONBET