Жарнама
Жарнама

Рекорд пен Антирекорд – Стадионға адам сыймай жатқанда, кей матчтарға неге ешкім бармады?

Бүгін, 11:55

Қазақстан Премьер лигасының жетінші туры жанкүйерлер белсенділігі жағынан нағыз қарама-қайшылыққа толы болды. Бір стадионда ине шаншар жер болмаса, екіншісінде қаңырап бос тұрған трибуналар көрінді, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

"Қайрат” пен “Елiмай” арасындағы аншлаг

Турдың орталық матчы күтілгендей Алматыда өтті. “Қайрат” пен “Елiмай” арасындағы тартысты ойынды тамашалауға 21 465 көрермен жиналды. Бұл – биылғы маусымдағы ең үздік көрсеткіштердің бірі. 

Келесі бір қызық дерек, Алматыда өткен басқа екі кездесуде антирекорд орнады. “Алтай” – “Жеңіс” және “Жетісу” – “Ұлытау” ойындарына небәрі 500 адамнан ғана келген. Бұл “Қайраттың” матчымен салыстырғанда 40 есе аз.

Жалпы алғанда, жетінші турдың 8 ойынына 56 675 көрермен жиналды. Орташа есеппен әр матчқа 7 084 адамнан келеді.

Көрермен саны бойынша үздік үштік:

1. “Қайрат” – “Елiмай”: 21 465 адам

2. “Ақтөбе” – “Ертіс”: 12 400 адам

3. “Астана” – “Атырау”: 9 160 адам

Чемпионат басталғалы бері стадиондарға барлығы 352 165 жанкүйер бас сұққан. Бұл дегеніміз – орта есеппен әр ойынды 6 289 адам тамашалайды деген сөз. Демек, жетінші турдағы орташа көрсеткіш жалпы маусымдық деңгейден сәл де болса жоғары болып отыр.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров