Жарнама
Жарнама

Тәжірибелі бапкер Қазақстандық клубтарға шарт қойды

01.05.2026, 17:51

Мәскеулік "Спартак" пен "Оренбургтің" тізгінін ұстаған Босниялық маман Владимир Слишкович мансабын Қазақстан Премьер лигасында жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Тәжірибелі жаттықтырушы Қазақстандық клубтардан ұсыныс түссе, оны қарастыруға дайын екенін мәлімдеді.

Legalbet.kz тілшісіне берген сұхбатында Слишкович әзірге нақты ұсыныстардың түспегенін, бірақ Қазақстан футболына қызығушылық танытатынын жеткізді. Оның айтуынша, басты мәселе — клубтың алға қойған мақсаты мен бапкердің жоспары бір арнада тоғысуында.

“Қазақстаннан әзірге ұсыныс түсе қоймады. Барлығы маған ғана байланысты емес — клубтың мені қалап-қаламайтынына байланысты. Егер біздің амбицияларымыз бір жерден шықса…. Оны уақыт көрсетеді, көре жатармыз.” — деді маман.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров