Жарнама
Жарнама

“Ресей құрамасына лайық” – Қазақстандық футболшының болашағына қатысты мәлімдеме жасалды

Бүгін, 15:12

Қазақстан ұлттық құрамасы мен Грозныйдың “Ахмат” клубының шабуылшысы Максим Самородов ресейлік мамандардың назарына ілікті, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

“Рубин” сапында Ресейдің екі дүркін чемпионы атанған және кезінде Қазақстан намысын қорғаған Алексей Попов отандасымыздың ойынына жоғары баға берді.

Поповтың айтуынша, қазіргі футболда Самородов секілді креативті ойыншылар өте жоғары бағаланады. Ол Максимді Ресей Премьер лигасында өзін жақсы қырынан көрсетіп жүрген сапалы футболшы ретінде сипаттады.

“Шабуыл шебіндегі ойыншылар әрдайым бағалы. Бұл — данамен ғана кездесетін тауар іспеттес. Максим Самородов — өте сапалы футболшы. Ол Ресейде өзін жақсы танытып үлгерді. Тіпті, оның Ресей құрамасына кандидат болуға толық мүмкіндігі бар еді.” — деді Попов Legalbet.kz тілшісіне берген сұхбатында.

Маманның пікірінше, Максимнің әлеуеті бұдан да жоғары. Алайда, футболшының өсуі тоқтап қалмауы үшін оған ортаны ауыстыру қажет болуы мүмкін.

“Болашақта бұдан да үлкен табыстарға жетіп, прогресс байқалуы үшін оған басқа командаға ауысу керек шығар." — деп түйіндеді сөзін Алексей Попов.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров