“Ордабасы” клубы мен Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Ұлар Жақсыбаев ауыр жарақаттан кейінгі оңалту процесінің қалай өтіп жатқаны туралы айтып берді, деп хабарлайды Aladop.kz.
Өткен маусымда алған жарақатынан айығып келе жатқан футболшы тезірек алаңға оралуды көздейді.
Қазіргі уақытта Ұлар клубтың медициналық штабының бақылауымен арнайы бағдарлама бойынша жұмыс істеп жатыр. Оның айтуынша, ең қиын кезең артта қалды.
“Қазір менде оңалту процесі жеке жоспар бойынша жүріп жатыр. Иншаллах, жақын арада жалпы топпен бірге ақырындап жаттығуды бастауды жоспарлап отырмыз. Қаңтар айынан бері жүгіруді бастадым, жаттығуларды орындап жүрмін." — деді Жақсыбаев Legalbet.kz тілшісіне.
Футболшының физикалық бабын қалпына келтіру мәселесіне клуб басшылығы мен дәрігерлер үлкен жауапкершілікпен қарап отыр. Ұлардың айтуынша, бапкерлер штабы оны ойын ырғағына біртіндеп қосуды жоспарлаған.
“Клубтағы мамандар мен медициналық штаб мені бапқа келтіру үшін жоспарлы түрде жұмыс істеп жатыр.” — деп толықтырды ол.
Біздің серіктес: FONBET