Қызылордалық "Қайсар" футбол клубы Қазақстандық маман Бахытжан Пазылхайырдың басқарушы директор лауазымына тағайындалғанын ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Aladop.kz.
Бахытжан Пазылхайыр – Қызылорда қаласының тумасы. Бұған дейін ол Қазақстан футбол федерациясының атқарушы директоры және кәсіби клубтар арасындағы жарыстарды ұйымдастыру дирекциясының басшысы қызметін атқарған.
Ол әртүрлі жылдары Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерінде, "Amanat" партиясында, сондай-ақ "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясында басшылық лауазымдарда жұмыс істеген.
Қазіргі таңда "Қайсар" Премьер лиганың турнирлік кестесінде 17 ойыннан кейін 18 ұпай жинап, 11-орында тұр. Соңғы турда команда Павлодардың "Ертісімен” тең ойнаған (0:0) болатын.
Біздің серіктес: FONBET