Жарнама
Жарнама

“Сутьеска" капитаны: "Алматыдағы кездесуде біздің жоғалтарымыз жоқ, бірақ ұтарымыз көп”

Бүгін, 13:36

Черногория чемпионы "Сутьеска" футбол клубы Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңі аясында Алматылық "Қайратқа" қарсы ойын өткізу үшін Қазақстанға аттанды. Никшич қаласының командасы бүгін сағат 13:00-ден кейін чартерлік рейспен жолға шықты, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Команда капитаны әрі қақпашысы Владан Гильен баспасөз мәслихатында алдағы ойынға қатысты өз ойын білдірді. Оның айтуынша, "Сутьеска" өз қарсыласын жан-жақты зерттеген және тактикалық тұрғыдан ешқандай тосынсый болмауы тиіс. Команда егер бірінші матчта жақсы нәтижеге қол жеткізсе, қарымта кездесуде үлкен ерлік жасауға болады деп сенеді.

Владан Гильен "Қайратқа" үлкен құрметпен қарайтынын жеткізді:

"Біз соңғы жылдары Қазақстан чемпионы болып жүрген, Еуропалық кубоктарда аты мәлім командаларды жеңген және топтық кезеңдерге дейін жеткен ұжыммен ойнаймыз. Бұған құрметпен қарау керек.” - деді ол.

Сонымен қатар, капитан алаңда бар күш-жігерлерін салатынын айтты: "Бұл кездесуде біздің жоғалтарымыз жоқ, бірақ ұтарымыз көп."

Гильен Еуропалық жарыстардың ерекшелігін атап өтіп, бұл ойын батылдықты, таза ақыл мен бақылаудағы эмоцияларды талап ететінін айтты

"Егер сен үлкен ойынға дайын болмай, сапалы әрекет етіп, жүгіре алмасаң, Еуропа оны кешірмейді. Біз батыл ойнауымыз керек." - деп қорытындылады ол dan.co.mi сайтына берген сұхбатын.

"Қайрат" пен "Сутьеска" арасындағы кездесу сәрсенбі күні Алматыда сағат 20:00-де басталады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров