«Ливерпульдің» шабуылшысы Садио Мане мансабын басқа клубта жалғастыру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы италиялық инсайдер Фабрицио Романо хабарлады.
Чемпиондар лигасының финалынан кейін Мане әріптестеріне бұл оның мерсисайдтық клубтағы соңғы ойыны екенін айтқан.
«Жанкүйерлерімізге және жаттықтырушыға алғысымды білдіргім келеді. Мен оларға және командаға бар жақсылықты тілеймін», - деді Садио матчтан кейінгі сұхбатында.
Әзірге Мане үшін таласта «Бавария» басты үміткер болып табылады. Сенегалдық шабуылшыға ПСЖ клубы да қызығушылық танытуда.
30 жастағы Садио «Ливерпульге» «Саутгемптоннан» 2016 жылы ауысып келді. Содан бері шабуылшы 268 матчта 120 гол соғып, 48 нәтижелі пас берді. Мане мен «Ливерпуль» арасындағы келісім-шарт мерзімі келесі маусымның соңында аяқталады.
Біздің серіктес: FONBET