Садио Мане мансабын Германияда жалғастыруы мүмкін

28.05.2022, 11:24
Футболшы бүгінгі матчтан кейін болашағына қатысты шешімін айтады.
Садио Мане мансабын Германияда жалғастыруы мүмкін

«Бавария» жазғы трансферлік терезеде «Ливерпульдің» шабуылшысы Садио Манені сатып алатынына сенімді болып отыр, деп хабарлайды Get German Football News.

Дереккөздің мәліметінше, «Бавария» шабуылшы үшін 50 миллион еуродан аз ақша төлеуі мүмкін. Бірақ сенегалдық ойыншыны көндіру үшін жылдық жалақысы 12-15 миллион еуроны құрайтын ұзақ мерзімді келісім-шарт ұсыну қажет.

Мане бұған дейін өзінің болашағы туралы шешімді 28 мамырда Чемпиондар лигасының финалынан кейін қабылдайтынын айтқан болатын.

30 жастағы Мане «Ливерпульге» «Саутгемптоннан» 2016 жылы ауысып келді. Содан бері шабуылшы 268 матчта 120 гол соғып, 48 нәтижелі пас берді.

Мане мен «Ливерпуль» арасындағы келісім-шарт мерзімі келесі маусымның соңында аяқталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×