Конференция лигасының үздік ойыншысы анықталды

28.05.2022, 20:31
Бұл сыйлық «Рома» капитанына бұйырды.
Конференция лигасының үздік ойыншысы анықталды

«Романың» жартылай қорғаушысы Лоренцо Пеллегрини УЕФА техникалық бақылаушылар тобының шешімімен 2021/22 жылғы маусымдағы Конференция лигасының үздік ойыншысы атанды.

25 жастағы жартылай қорғаушы іріктеу кезеңінен бері Конференция лигасында 12 матч өткізіп, бес гол соқты, үш нәтижелі пас берді. Ал А сериясында «Рома» үшін 28 ойынға қатысып, тоғыз гол мен бес голдық пасты өз атына жазды. Жартылай қорғаушы римдік клубтың түлегі болып табылады.

Пеллегринидің «Ромамен» келісім-шарт мерзімі 2026 жылдың маусымына дейін есептелген. Transfermarkt порталы оның құнын 45 миллион еуроға бағалады.

Еске салайық, Конференция лигасының финалында «Рома» «Фейеноордты» 1:0 есебімен жеңіп, осы кубоктің алғашқы иегері атанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×