Жарнама
Жарнама

«Самородов «Спартакқа» көп көмектесер еді»: Мәскеулік клубтың бұрынғы президенті Қазақстандық шабуылшы туралы айтты

Бүгін, 15:10

Мәскеудің «Локомотив» клубының бұрынғы президенті Николай Наумов Қазақстан құрамасының және «Ахматтың» шабуылшысы Максим Самородовтың «Спартакқа» ауысуының жүзеге аспауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Бұған дейін Самородовтың Мәскеудің «Спартак» клубына ауысуы мүмкін екені айтылған еді. Алайда трансфер соңына дейін жүзеге аспады. Осыған байланысты пікір білдірген Наумов Қазақстандық футболшының мәскеулік командаға пайдасы тиер еді деп санайды.

«Карседо оң қанатта жалғыз қалған Соларидің мәселесін шешудің жолын табады. Дегенмен Самородов «Спартакқа» көп көмектесер еді. Ол өте мықты, қызықты әрі креативті футболшы. Дриблингі де жақсы. Ең бастысы, ол «Спартактың» ойын қағидаларына сәйкес келеді"» — деді Наумов.

Сонымен қатар «Локомотивтің» бұрынғы президенті бұл трансфердің жүзеге аспауын «Спартак» үшін үлкен мәселе деп есептемейтінін атап өтті.

«Алайда бұл трансфердің бұзылуы клуб үшін апат емес.» — деді ол.

Максим Самородов қазір «Ахмат» сапында өнер көрсетіп жүр. Қазақстан құрамасының ойыншысы Ұлттар лигасының жаңа маусымындағы алғашқы матчта жарақатына байланысты Фарер аралдарына қарсы кездесуге қатыса алмады. Ұлттық құраманың бұрынғы бас бапкері Станислав Черчесов те Самородовтың қалпына келу барысын мұқият бақылау қажеттігін айтқан.

Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының алғашқы турында Фарер аралдарымен 1:1 есебімен тең түсті. Команда енді 29 қыркүйекте Словакияға қарсы алаңға шығады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров