Жарнама
Жарнама

SofaScore Словакия – Қазақстан матчындағы үздік ойыншыларды атады

Бүгін, 16:55

SofaScore аналитикалық порталы Ұлттар лигасының екінші турында өткен Словакия – Қазақстан матчынан кейін футболшылардың өнеріне баға берді, деп хабарлайды Aladop.kz.

Арсен Әшірбек
Жарнама
Жарнама

Кошицеде өткен кездесуде алаң иелері 2:1 есебімен жеңіске жетті. Қазақстан құрамасының сапындағы ең жоғары баға «Елімай» қорғаушысы Арсен Әшірбекке берілді. SofaScore оның ойынын 7,9 баллға бағалады. 

Қазақстан құрамасының үздік үштігіне сондай-ақ Рамазан Кәрімов пен Наурызбек Жағоров кірді. Кәрімов 7,8 балл алды. Ол кездесуде Қазақстанның жалғыз голын соғып, команданы есеп бойынша теңестірген еді. Ал Жағоровтың көрсеткіші 6,9 балл болды. 

Матчтың ең үздік ойыншысы ретінде Словакия құрамасының қорғаушысы Давид Ганцко танылды. Оның бағасы 8,0 баллды құрады. Ганцко 82-минутта бұрыштамадан кейін баспен гол соғып, Словакияға жеңіс әкелген болатын. 

Жалпы командалық көрсеткіш бойынша да Словакия футболшылары жоғары бағаға ие болды. Қазақстан құрамасының ойыншыларының орташа рейтингі 6,46 балл болса, Словакия құрамасының орташа көрсеткіші 7,50 балл болды. 

Осылайша, Қазақстан жеңіліс тапқанымен, бірнеше ойыншысы жеке статистика бойынша жоғары бағаланды. Команданың ең нәтижелі футболшысы Рамазан Кәрімов болды — шабуылшы Словакия қақпасына бір гол соқты.

Ұлттар лигасындағы екі турдан кейін Қазақстанның еншісінде бір ұпай бар. Джон ван ’т Схип шәкірттері келесі кездесуін 2 қазанда Астанада Молдова құрамасына қарсы өткізеді. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров