Мәскеулік "Спартак" Қазақстан ұлттық құрамасы мен Грозныйлық "Ахматтың" шабуылшысы Максим Самородовты сатып алу бойынша ресми келіссөздерге әлі кіріскен жоқ, деп хабарлайды Aladop.kz.
Euro-Football.ru порталының хабарлауынша, 22 жасар футболшы Мәскеулік ұжымның трансферлік тізіміне енгенімен, дәл қазіргі уақытта қос клуб арасында ешқандай нақты әңгіме жүріп жатқан жоқ.
Басты себеп — "Ахматтың” Самородов үшін 10 миллион еуро талап етуі, ал "Спартак” басшылығы дәл қазір Қазақстандық шабуылшы үшін мұндай қомақты қаржыны төлеуге дайын емес.
Максим Самородов өткен маусымда Грозныйлық клуб сапында барлық турнирлерде 33 матчқа қатысып, 8 гол соқты және 7 нәтижелі пас берді. Ол жалпы есепте 15 рет нәтижелі әрекетімен көзге түскен.
Айта кетсек, бұған дейін Иван Карпов “Спартак” Максимнің бағасын ресми түрде сұрастырды деп хабарлаған болатын.
Біздің серіктес: FONBET