Жарнама
Жарнама

Магомед Адиев “Витебск” клубының бас бапкері қызметінде қалады. Бірақ….

Бүгін, 13:20

Қарағандылық "Шахтер" және Ұлттық құраманың бұрынғы бапкері, Ресейлік маман Магомед Адиев "МЛ Витебск" командасының бас бапкері болып қала береді, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Осыған дейін "Витебск" басшылығы Магомед Адиевті командамен жұмыс істеуден шеттеткенін жариялаған болатын. Клуб оның орнына бас бапкер міндетін атқарушы ретінде Филипп Соколинскийді тағайындаған еді.

Сонымен қатар, бұл жағдайға байланысты тағы бір даулы мәселе туындады. Беларусьтік клубтың басшылығы заңды келісімшарты бар Магомед Адиевке психологиялық тұрғыдан қысым көрсетті деп айыпталуда.

Қазіргі уақытта бапкер мен клуб арасындағы заңдық келіспеушіліктер әлі де жалғасып жатыр. Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бас бапкері Адиевтің бұл клубтағы болашағы қалай нақты шешілетіні алдағы уақытта белгілі болады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров