Футбол матчтарында жанкүйерлердің тәртібі әрдайым назарда болады. Алайда кейде қарапайым болып көрінетін әрекеттің өзі заң алдында жауапкершілікке әкелуі мүмкін. Елордадағы "Астана" – "Ақтөбе" кездесуі кезінде орындыққа жалаң аяғын қойған жанкүйердің ісі сотқа дейін жетіп, оған ірі көлемде айыппұл салынды, деп хабарлайды Aladop.kz.
Матч кезінде жанкүйерлердің бірі ойынды ерекше жайлылықпен тамашалағысы келіп, алдындағы орындыққа жалаң аяғын көтеріп қойған. Бұл сәт бейнежазбаға түсіп, кейін Instagram әлеуметтік желісінде кеңінен таралды.
Аталған жайт бойынша іс сотта қаралып, ер адам өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінетінін жеткізді. Сот жанкүйердің бұл әрекетін айналасындағыларға құрмет көрсетпеу және ұсақ бұзақылық деп бағалады.
Нәтижесінде тәртіп бұзушыға 20 АЕК көлемінде, яғни 78 640 теңге айыппұл салынды. Қазіргі уақытта сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
Біздің серіктес: FONBET