Жарнама
Жарнама

“Астанаға” сенім мол” – Сарапшы “Динамо Ситимен” матчта елордалық клубтың мүмкіндігін жоғары бағалады

Бүгін, 11:22

"Астана" Конференциялар лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі Албаниялық "Динамо Ситиге" қарсы қарымта матч алдында келесі кезеңге шығуға басты үміткер саналып отыр, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Қазақстан құрамасының бұрынғы қақпашысы Алмат Бекбаев Sports24.kz сайтына берген сұхбатында елордалық команданың қарсыласынан басым түсу мүмкіндігі жоғары екенін айтты.

Бекбаевтың айтуынша, "Астана” алғашқы кездесуде өте сапалы ойын көрсетті. Матчтағы жалғыз голды Рамазан Кәрімов соққан болатын. Сондай-ақ маман бас бапкердің Премьер лигадағы "Ақтөбеге” қарсы кездесуде құрамды алмастыруы ойыншылардың ұзақ сапардан кейін күш жинауына оң әсер еткенін атап өтті.

Сарапшының пікірінше, дәл осы факторлар "Астананың” өз алаңындағы жауапты ойында сенімді өнер көрсетіп, келесі кезеңге жолдама алу мүмкіндігін арттырады.

Еске сала кетейік, "Астана” мен "Динамо Сити” арасындағы қарымта кездесу 16 шілде күні Астанада өтеді. Ойын 20:00-де басталады. Алғашқы матчта қазақстандық клуб минималды есеппен жеңіске жетіп, екі матчтық текетіресте басымдыққа ие болған еді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров