Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елордалық саябақтардың бірінде жас футболшылармен кездесіп, Қазақстандық шабуылшы Дастан Сатпаевтың талантына ерекше тоқталды, деп хабарлайды Aladop.kz.
Кездесу барысында балалардан футболдағы кумирлері кім екені сұралған. Жас футболшылар Килиан Мбаппе, Криштиану Роналду және Джуд Беллингемді атаған.
Ал Қасым-Жомарт Тоқаев өз кезегінде Қазақстан футболының жас жұлдызы Дастан Сатпаевты атап өтті.
«Бізде Дастан Сатпаев бар. Өте талантты жігіт», – деді Мемлекет басшысы.
Осы сәт әлеуметтік желіде жарияланған видеода көрсетіліп, онда Сатпаевтың «Қайрат» сапындағы голдарының бірі де көрсетілген. Роликте оның талантына назар аударылып, Қазақстандық футболшыға қатысты жылы пікір білдірілген.
18 жастағы Дастан Сатпаев қазіргі уақытта Англияның «ёернли» клубында жалға алу келісімі бойынша өнер көрсетіп жүр. Оның негізгі клубы – лондондық «Челси».
Қазақстан құрамасының шабуылшысы жаңа командасы сапында төрт матч өткізген. Алайда әзірге нәтижелі әрекетімен көзге түскен жоқ. Қазіргі таңда Сатпаев жарақатына байланысты алаңнан тыс қалып отыр. Ол жарақатты Чемпионшиптегі «Мидлсброға» қарсы кездесуде алған.
Біздің серіктес: FONBET