Жарнама
Жарнама

Сатпаевтың «Бёрнлиі» : Чемпионшиптегі жеңіссіз серия жалғасуда

Бүгін, 09:15

Дастан Сатпаев өнер көрсететін Ағылшындық «Бёрнли» клубы Чемпионшиптің 2026/27 жылғы маусымында әлі де жеңіске жете алмай келеді, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Жаңа маусымның алғашқы сегіз матчында команда төрт рет тең түсіп, төрт рет жеңіліске ұшырады. Осылайша, «Бëрнли» турнирде әлі бірде-бір рет жеңіс қуанышын сезінбеген жалғыз клуб болып отыр.

Сегізінші турға дейін қоржынында жеңісі болмаған «Кардифф» өз алаңында «Чарльтонды» 3:1 есебімен ұтып, бұл тізімнен шықты. Сонымен қатар «Дерби Каунти» мен «Престон» командаларында бір-бір жеңістен бар.

Сегіз турдың қорытындысы бойынша 17 ұпай жинаған «Суонси» Чемпионшипте көш бастап тұр. Ал үздік үштікте 15 ұпайдан еншілеген «Вест Хэм» мен «Мидлсбро» клубтары келеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров