Қызылордалық "Қайсардың" қатарын толықтырып, Қазақ футболында үлкен серпіліс тудырған атақты легионер Виктор Мозес уақытша саптан шықты, деп хабарлайды Aladop.kz.
Бұл жағдайға байланысты клубтың бас бапкері Андрей Ферапонтов ресми мәлімдеме жасады.
Бапкердің айтуынша, Мозестің қазіргі уақытта командадан жырақ жүруінің екі себебі бар. Біріншісі — денсаулығына байланысты туындаған шағын мәселе. Ол жеке физиотерапевтіне барып, ем қабылдауды жөн көрген. Алайда жанкүйерлер алаңдамаса болады, Мозес жақын күндері оралып, алдағы "Қайратқа" қарсы маңызды матчқа дайын болуы тиіс.
Бірақ ең қызықтысы — футболшының алдағы уақытта тағы да бірнеше күнге рұқсат сұрағанында. Белгілі болғандай, Мозес жайлы деректі фильм түсіріліп жатыр.
“Ол жақында тағы да бірнеше күнге өз шаруаларымен кетеді. Бұл мәселе басшылықпен алдын ала келісілген. Қазіргі уақытта Виктор Мозес, Джон Оби Микел және басқа да аты аңызға айналған Нигериялық ойыншылар туралы үлкен тарихи жоба қолға алынған. Мозес сол фильмнің түсірілімдеріне қатысып, өз тарихын баяндау үшін аттанбақ." — деді Ферапонтов.
Біздің серіктес: FONBET