Жарнама
Жарнама

Қазақстандық футболшы Ресейлік клубтың ең үздік ойыншысы атанды

Бүгін, 15:26

Грозныйдың "Ахмат" клубында өнер көрсететін Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Самородов командасының сәуір айының үздік ойыншысы атанды, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Сәуір айы "Ахмат" үшін өте ауыр болды. Команда небәрі 2 ұпай еншілеп, қарсыластар қақпасына бар-жоғы 4 гол соқты. Алайда, осы тұйыққа тірелген шақта Самородов нағыз көшбасшылық қасиетін көрсетті.

Максимнің сәуірдегі көрсеткіші:

5 матч, 1 гол, 2 нәтижелі пас

Демек, команда салған 4 голдың үшеуіне тікелей Максимнің қатысы бар. Ол клубтың жалпы голдарының 75%-ына авторлық етіп отыр.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров