Бразилиялық “Атлетико Минейроның” тірі аңызы, әйгілі Халк клубпен келісімшартын ресми түрде үзді. 1 мамыр күні тараптар өзара келісімге келіп, 39 жастағы сұрмерген еркін агент мәртебесін алды, деп хабарлайды Aladop.kz.
Халк “Атлетико Минейро” сапында 2021 жылдан бері өнер көрсетіп, рекорд атаулының барлығына иелік етті.
– 311 матч, 140 гол, 55 нәтижелі пас
– 21 ғасырдағы клубтың сұрмергені
– Бразилия чемпионы, Кубок иегері және бірнеше дүркін штат жеңімпазы
Ресми қоштасу рәсімі 10 мамыр күні “Ботафогоға” қарсы ойын алдында Arena MRV стадионында өтпек.
Естеріңізге сала кетейік, “Ақтөбе” өткен ақпар айында Бразилиялық жұлдызды Қазақстанға әкелу үшін жанталасқан болатын. Сол кездегі келіссөздердің басты кедергісі — қаржы мәселесі еді.
Халктың агенті жылына 10 миллион доллар жалақы талап етті. Бұл — Қазақстан футболы тарихындағы бұрын-соңды болмаған, естудің өзі қорқынышты сома. Ал, "Ақтөбе” футболшыға жылына 3 миллион доллардан артық төлей алмайтынын білдіріп, келіссөз аяқталған болатын.
Қазіргі таңда футболшы “Флуминенсе” клубымен келіссөздер жүргізіп жатыр, бірақ соңғы нүктені қоюға әлі ерте.
Біздің серіктес: FONBET