Магомед Әдиевтің “Крылья Советовтен” қуылуының нақты себебі белгілі болды, деп хабарлайды Aladop.kz.
Самара облысының губернаторы Вячеслав Федорищев бапкердің не себепті қызметінен босатылғанын ашық айтты.
Губернатордың айтуынша, бапкердің жұмыстан кетуіне оның БАҚ беттерінде берген атышулы пікірі түрткі болған. Әдиев өз сұхбатында командадан тек келесі маусымда емес, тіпті биыл-ақ кеткісі келетінін мәлімдеген.
“Біздің бапкердің БАҚ-қа берген сұхбаты жұмыстан босатуға негіз болды. Ол командадан кетуге дайын екенін ашық айтқан. Осыдан кейін көптеген футболшылар маған жазып: “Командадан кетуге дайын екенін ашық айтқан адаммен қалай жұмыс істейміз?” — деп наразылықтарын білдірді.” — деді Федорищев “СЭ” басылымына берген сұхбатында.
Магомед Әдиев әлі Самара клубының тізгінін ұстап тұрған кездің өзінде, наурыз айында “Ақтөбе” басшылығымен келіссөз жүргізгені туралы ақпарат тараған болатын. Губернатор бұл жағдайға да қатысты өз ойын білдірді.
Федорищевтің айтуынша, кез келген маман өз агенттерімен бірге болашағын жоспарлайды, бұл — құпия емес.
Клуб басшылығы Әдиевпен маусым соңына дейін жұмыс істеуді көздеген, бірақ бапкердің сол бір мәлімдемесі жағдайды ушықтырып жіберген яғни “Ақтөбенің” бұл жерде ешқандай қатысы жоқ болып отыр.
Айта кетсек Әдиев Самарадан кете сала Беларусьтік “МЛ Витебск” клубының бапкері болып үлгерді.
Біздің серіктес: FONBET