“Ақтөбе” мен “Атырау” клубтарында тізгін ұстаған тәжірибелі маман Мақсат Тюмалиев енді Шымкенттік “Ордабасының” құрылымын нығайтуға кіріспек, деп хабарлайды Aladop.kz.
Тюмалиев — отандық футбол мен футзал саласында өзіндік қолтаңбасы бар тұлға. Оның мансабындағы маңызды белестерге көз жүгіртсек:
– “Ақтөбе” : Ол бұл клубта Бас директор қызметін атқарды. Айта кетерлігі, 2024 жылы жанкүйерлер арасында өткен сауалнамада халық дәл осы маманның “Ақтөбеге” басшы болып келуін қалаған болатын.
– Футзал қауымдастығы: 2025 жылдың наурызында Қазақстан футзал қауымдастығының Бас хатшысы болып тағайындалды.
– “Атырау” : Мұнайшылар сапында Бас менеджер қызметін атқарды.
"Ордабасы” Тюмалиевті басшылық құрамға қосу арқылы ұйымдастыру жұмыстарын жоғары деңгейге көтеріп, команданың ішкі менеджментін күшейтуді көздеп отыр.
Біздің серіктес: FONBET