Ертең сағат 20:00-де Шымкенттегі Қажымұқан атындағы Орталық стадионда жергілікті “Ордабасы” мен “Ақтөбе” командалары кездеседі.
Мәліметтерге сүйенсек, “Ақтөбе” басшылығы маңызды ойын алдында футболшылардың жігерін жану үшін жоғарылатылған премиалды төлемдер тағайындаған.
Бұл — “Қызыл-Ақтар” үшін алғашқы жағдай емес. Естеріңізге сала кетейік, Чемпионаттың бірінші турында “Тобылды” қапы қалдырған Ақтөбеліктер үш еселенген сыйақыға кенелген болатын.
Ендігі кезек — Шымкенттегі бәсеке. Жеңіс үшін тігілген бәс жоғары.
Бұл ойын тек ақша үшін емес, стратегиялық тұрғыдан да өте маңызды. Қазіргі таңда екі ұжым екі түрлі деңгейде келе жатыр.
"Ордабасы” биылғы маусымда әлі жеңілістің дәмін татқан жоқ. 15 ұпаймен “Қайратпен” бірге турнир кестесінде көш бастап тұр.
“Ақтөбе”: Әзірге 10 ұпаймен 9-орында тұр. Турнирлік кестенің ортасынан суырылып шығу үшін оларға тек жеңіс қажет.
Біздің серіктес: FONBET