"Атырау” айналасында тағы да үлкен шу шықты. Осыдан біраз уақыт бұрын ғана жаңа кезеңге қадам басып, мемлекет қарауынан жеке меншікке өткен команда қайтадан қаржылық дағдарыстың батпағына батып отыр, деп хабарлайды Aladop.kz.
Елдар Аманбаевтың мәліметінше, клуб басшылығы өз ойыншылары алдындағы ең басты міндеттемелерін орындай алмай, футболшыларды айлап ақшасыз қалдырған
Дереккөздердің хабарлауынша, дәл қазіргі уақытта “Атырау” футболшыларға нақ екі айдың жалақысын мүлдем төлемеген. Бұл жағдай команда ішіндегі психологиялық ахуалға кері әсерін тигізіп, ойыншылардың наразылығын тудыра бастады.
Ең сорақысы — бұл берешек тек жергілікті спортшыларға ғана емес, команданың белді шетелдік легионерлеріне де қатысты болып шықты.
17 сәуірде “Атырау” ресми түрде жекеменшікке өткен болатын. Бұл қадам клуб менеджментін жақсартып, қаржылық тұрақтылық әкеледі деп күтілген еді.
Алайда, басқару жүйесі толығымен ауысқанымен, жаңа қожайындар мен басшылық құрам ойыншылар алдындағы қаржылық міндеттемелерді әлі күнге дейін толық көлемде орындаған жоқ. Салдарынан, клубтың бұрынғы қарыздары мен жаңа міндеттемелері қордаланып, үлкен дауға ұласып отыр.
Біздің серіктес: FONBET