Жарнама
Жарнама

Жоау Пауло Қазақстанға оралмақ – 38 жасар Бразилиялық “Қайсарға” не үшін керек?

Бүгін, 18:54

Қызылорданың “Қайсары" шабуыл шебін күшейту мақсатында Қазақстандық жанкүйерлердің сүйіктісіне айналған сұрмергенді қайта алдыртпақ, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

“Қайсардың” батыл қадамы: Жарты жылдық емес, ұзақ мерзімді жоспар

Мәліметтерге сүйенсек, Қызылордалық ұжымның басшылығы атақты Бразилиялық форвард Жоау Паулоны өз сапына қосу үшін келіссөздерді бастап кеткен. Клуб 38 жастағы ардагер шабуылшының жасына қарамастан, оның алаңдағы деңгейі мен тәжірибесіне үлкен сенім артып отыр.

“Қайсар” басшылығы Бразилиялық сұрмергенге бірден бір жарым жылдық ресми келісімшарт ұсынуға дайындалып жатыр. Қызылордалықтардың бапкерлік штабы Жоау Паулоның келуі команданың нәтижелілігін бірнеше есеге арттыратынына кәміл сенеді.

Жоау Пауло — Қазақстандық футбол жанкүйерлеріне таныстыруды қажет етпейтін тұлға. Ол осыған дейін Шымкенттік “Ордабасы” мен Алматылық “Қайрат” клубтарының сапында өнер көрсетіп, ел чемпионатындағы ең үздік әрі ең тұрақты легионерлердің бірі ретінде танылды. Оның ерекше техникасы, жойқын соққылары мен гол сезу түйсігі ҚПЛ-дегі талай қорғаушының үрейін ұшырғаны мәлім.

Осылайша, Сыр өңірінің бас командасы трансфер нарығында үлкен айлаға басып, тәжірибелі шабуылшыны өз жағына шығармақ.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров