Кезінде Алматылық “Қайратпен” бірге алтын тұғырды бағындырған танымал Беларусь маманы Алексей Шпилевский Қазақстанға оралу жайлы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Aladop.kz.
Отандық клубтардың назарында жүрген бапкер Қазақстан Премьер лигасына қайта оралу жоспарында мүлдем жоқ екенін кесіп айтты. “Голевая передача” подкастының жаңа шығарылымында ол өзінің болашақ мансабы мен ескі ұжымдарға деген көзқарасын ашық жайып салды.
Алексей Шпилевскийдің пікірінше, бір рет биік шыңды бағындырған елге немесе клубқа екінші рет келу — маман үшін алға жылжу емес, кері кетумен тең. Ол өзінің бұл шешімін еш бүкпесіз былай деп жеткізді:
“Өзің жұмыс істеп кеткен жерге қайта айналып соғу — бәлкім, дұрыс емес қадам шығар. Ол жақта бұрынғыдан да жақсы нәтиже көрсету мүмкін емес, бәрібір одан артық ештеңе істей алмайсың. Бұл менің Қазақстан мен Кипрге қатысты айтқан жеке пікірім. Ал Беларусьте жағдайды жақсартуға әлі де мүмкіндік бар сияқты, тіпті Брестте өткізген күндеріме қарасам, бәрі жаман болған жоқ. Дегенмен, менің тек алға қарай жылжығым келеді."
Бапкердің бұл сөзі оның еуропалық ірі чемпионаттар мен жаңа белестерді бағындыруға деген құлшынысын анық байқатады.
Шпилевский Алматылық “Қайрат” тізгінін 2018 жылдан 2021 жылға дейін ұстады. Ол 2020 жылғы маусымда “Қайратты” ұзақ күткен Қазақстан Премьер лигасының чемпиондық атағына жеткізіп, алтын медаль сыйлаған болатын.
Қазақстан мен Кипрден бас тартқан маман енді Еуропалық деңгейдегі мүлдем жаңа жобаларды іздестіру үстінде.
Біздің серіктес: FONBET