10 ТУРДЫҢ ЕСЕП-ҚИСАБЫ: «ЛОКО» МЕН «ЕРТІСТІҢ» ТҰҢҒЫШ ТЕҢ ОЙЫНЫ ҺӘМ 24000 ЖАНКҮЙЕР

11.05.2011, 05:55
10 ТУРДЫҢ ЕСЕП-ҚИСАБЫ: «ЛОКО» МЕН «ЕРТІСТІҢ» ТҰҢҒЫШ ТЕҢ ОЙЫНЫ ҺӘМ 24000 ЖАНКҮЙЕР

Бұл турда барлығы 13 гол соғылды.  18 сары қағаз және 1 қызыл кәртішке көрсетілді.  Алаңға 44 қандасымыз шықты.

Алты ойында стадионға  24000 жанкүйер жиналған. Демек, әр ойынға орта есеппен 4000 адамнан келеді. Айта кетерлік жайт,  Қарағандыдағы «Шахтер» мен «Восток» ойынына 9000 көрермен тамашалады. «Локомотив» пен «Ертіс» бұл турда жетінші рет кездесіп, алғаш рет тең түсті. Бұған дейін 4 ойында астаналықтар жеңсе, 2 мәрте «Ертіс» ұтқан. «Жетісу» «Тобылды» соңғы рет 2009 жылы мамырда жеңіпті (1:0). Араға тура екі жыл салып талдықорғандықтар  «Тобылдан» басым түсіп отыр. «Қайрат» «Ақтөбені» соңғы рет 2005 жылы 2 қарашада жеңіпті – 2:0. Ал одан кейінгі 12 ойында «Ақтөбе» үшін «Қайрат» оңай шағылар жаңғаққа айналған. «Шахтер» мен «Восток» алаңдағы 43 ойынын өткізді.  Қарағандылықтар 24жеңісін тойлады. Ал «Восток»10 ойында ғана жеңіске жетсе, 9 кездесу тең аяқталған. «Ордабасы» мен «Атырау» осы турда 20 ойындарын өткізді. Және оныншы матчтарын тең аяқтады. Ал қалған он ойынды бөлсек: қос команда бес бес матчта жеңіске жеткен. «Жетісу» мен «Локомотив» әзірге қонақта өткізген ойындарда жеңілмепті. Ал «Восток» мен «Қайсар» сырт алаңда жеңіске жете алмай келеді. «Атырау» өз алаңында  жеңіліп көрген жоқ.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×