11 тур. «ЛОКОМОТИВ» ПЕН «ТОБЫЛ» КҮШ СЫНАСАДЫ

11.05.2011, 06:01
11 тур. «ЛОКОМОТИВ» ПЕН «ТОБЫЛ» КҮШ СЫНАСАДЫ
Ел чемпионатының 11 тур ойындары 15 мамыр күні өтеді. Бұл турдағы орталық ойын Астанада. «Локомотив» өз алаңында «Тобылды» қабылдайды. «Локомотив» пен «Тобыл» осыған дейін 7 матч өткізіп, 2 ойында «Тобыл» жеңсе,  4 ойында астаналықтар басым түскен.  1 ойын тең. Көш басындағы «Жетісу» өз алаңында Өскеменнің «Востогынан» сынақ алады. Бұл екі команда 28 рет кездесіп, 13 матчта «Жетісу» жеңсе, 12 ойында «Восток» басым түскен.  3 ойында тең түсіпті. «Ақтөбе» Қызылордаға қонақ болады. «Қайсар» «Ақтөбеге» 11 ойында жеңілген. Ал 6 матчта жеңіпті. 9 ойында қос команда тең тарқасқан. «Ертіс» – «Ордабасы»  21 ойын (+9,=3,-9) «Қайрат» – «Шахтер» 45 ойын (+19, =11, -15) «Атырау» – «Тараз» 18 (+9, = 4, -5)
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×