114 жылдық тарихы бар Италиялық “Брешия” клубы кәсіби футболдан шеттетілді

04.07.2025, 19:30

Италия футбол федерациясы "Брешиа" клубын кәсіби турнирлерден ресми түрде алып тастады. Команда келесі маусымда Серия C-да өнер көрсетпейді.

114 жылдық тарихы бар Италиялық “Брешия” клубы кәсіби футболдан шеттетілді

1911 жылы құрылған "Брешиа” өткен маусымда Серия B-ден төмен түсіп қалған болатын. Қазір команда ойыншылары мен қызметкерлеріне жалақы төленбей отыр, ал клубтың жалпы қарызы 3 миллион еуроны құрайды. Клуб иесі Массимо Челлино бұл соманы өтеуден бас тартқан. Оның бұл шешімі жанкүйерлермен болған көптеген жанжалдардан кейін қабылданған деседі.

Роберто Баджо, Хосеп Гвардиола, Андреа Пирло, Сандро Тонали сынды танымал футболшылар әр жылдары осы клуб сапында өнер көрсеткен еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×