«Атырау» клубы Премьер-лигадағы түздегі ойынына автобуспен кетті

04.07.2025, 16:37

«Атырау» футбол командасы алдағы «Ақтөбемен» өтетін ойынға автобуспен тартып кетті. Қос қаланың арасы 619 шақырымды құрайды.

«Атырау» клубы Премьер-лигадағы түздегі ойынына автобуспен кетті

- «Атырау» футбол командасы бүгін сағат 11:45-те Атырау халықаралық әуежайынан Ақтөбе қаласына ұшып кетуі тиіс болған. Алайда рейсті орындайтын Vietjet Qazaqstan (Qazaq Air) компаниясы ұшу уақытын бірнеше рет кейінге қалдырып, содан соң рейстің тіпті жасалмайтынын хабарлады. Аталмыш форс-мажорды жылы қабылдамасақ та, “Мұнайшыға” қайта оралып ойын алдындағы жаттығуды өз алаңымызда өткіздік. Артынша түс қайта ештеңеге қарамастан Ақтөбеге автобуспен жол тарттық, - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, Қазақстан Премьер-лигасы 15-туры аясындағы «Ақтөбе» - «Атырау» ойыны 5 шілдеде 20:00-де өтеді.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 3
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×