
«Оқжетпестің» жаңа бас бапкері Қайрат Нұрдәулетов «Аладоп.кз-ке» көкшетаулық клубтан ұсыныстың қашан және қалай түскенін айтып, жаңа қызметтегі алғашқы сұқбатын берді.
“Бір-екі күн бұрын Көкшетаудың спорт басқармасынан хабарласқан, «осындай-осындай болып жатыр, сіздің кандидатураңызды қарастырып жатырмыз. Өзіңіздің көзқарасыңызды білейік деп едік» дегендей мағынадағы әңгіме болды. Бұған мен «егер сіздерде бір нақты конкретика болса, дәл қазір жұмыссызбыз, сондықтан, дайынбыз жұмысқа» деп жауап айттым. Олар «жарайды онда сізбен хабарласады, біз мында шешім қабылдағаннан кейін» деп қалды. Сөйтіп, кеше ғана клуб директоры Мұрат Тлешевтің өзі хабарласты, «осындай әңгіме болды, сенің кандидатураңды қабылдады. Ал сен өзің қалай?» деп сұраған болатын. Мен тағы да қарсы емес екенімді жеткіздім, «тек сол Ферапонтовтың мәселесін толық шешіңіздер, ол кісі кетпей мен енді бара алмаймын ғой, ол дұрыс емес деп» түсіндірдім. «Болды біз ол мәселені шешіп қойдық, ал сіз ақырындап Шымкентке келе беріңіз деді. Сонымен, бүгін Шымкенттеміз, таңертең ұшып келдік. Бұйырса, бүгін жаттығуын өткіземіз», - деді Қ. Нұрдәулетов”.
Айта кетейік, «Оқжетпесті» осыған дейін жаттықтырған тағы бір отандық маман Андрей Ферапонтов отбасылық жағдайына байланысты қызметінен босатылды. Көкшетаулықтарды 15-тур ойындарына Қайрат Нұрдәулетов дайындайды. «Оқжетпес» алдағы жексенбіде Шымкентте қызылорданың «Қайсарымен» жолығады.
Біздің серіктес: FONBET