Өзбекстан шабуылшысы Италия чемпионатынан кетті

04.07.2025, 16:01

Италияның «Рома» клубында өнер көрсеткен өзбекстандық шабуылшы Эльдор Шомуродов Түркияның «Истанбул Башакшехир» командасына жалға берілді.

Өзбекстан шабуылшысы Италия чемпионатынан кетті

Келісім-шартта футболшының трансферлік құқығын сатып алу мүмкіндігі қарастырылған. Аталған құқық белгілі бір шарттар орындалған жағдайда міндетті сипатқа ие болады. Жалпы сома бонустарды қоса есептегенде, 7 миллион еуроны құрауы мүмкін.

2024/2025 жылғы маусымда 30 жастағы Шомуродов Италия чемпионатының аясында 27 матчқа қатысып, 4 гол соғып, 4 нәтижелі пас берді. Сонымен қатар, Еуропа лигасында 8 ойын өткізіп, 2 гол мен 1 нәтижелі пасымен көзге түсті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×