17-жастағы қазақ жігіті Каталониядағы турнирде 12 гол соқты

31.05.2017, 04:34
17-жастағы қазақ жігіті Каталониядағы турнирде 12 гол соқты
ДиасҚарағандының бокс мектебінің өкілдерін жақсы білеміз ғой. Кезінде Нұрлан Қалыбаев деген боксшы жігіт болған. 1990 жылы КСРО чемпионатында 51 келі салмақта күміс жүлде алған. 2004 жылы Афины Олимпиадасы кезінде Геннадий Головкин мен Серік Елеуовтің дайындалуына көмектескен. Екеуі де жүлдеге ілікті. Сол Нұрлан Қалыбаев ағамыз қазіргі кезде Испанияда дәлірек айтқанда Каталонияда тұрып жатыр. Баласы Диас футболшы екен. 17 жастағы Диас жақында Каталонияда өткен Juvenil Primera Divisio деген турнирде 12 ойын өткізіп, 12 гол соғыпты. Әкесі боксшы. Денесі ірі екен. Бізге осындай футболшылар қажет қой. Айта кетейік, Диас Алматы қаласында дүниеге келген.

Бек Төлеудің фейсбуктағы парақшасынан алынды

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×