18 жасар қазақстандық футболшы Португалияда жеңіс голын соқты

04.11.2024, 11:44

Қазақстан жасөспірімдер құрамасының жартылай қорғаушысы Ілияс Әбіл Португалияның 19 жасқа дейінгілер арасындағы лигада кезекті голын соқты.

18 жасар қазақстандық футболшы Португалияда жеңіс голын соқты
Ілияс Әбіл

Павлодар футбол мектебінің түлегі «Жил Висенте» - «Витория Гимарайнш» U-19 командалары арасындағы матчта өнер көрсеткен (3:1). Отандасымыз есеп 1:1 болып тұрғанда жеңіс голын салып, өзінің командасына маңызды жеңісті сыйлады.

Айта кетейік, 18 жастағы футболшы бұған дейін 10-турда «Фамаликан» U-19 командасының және «Брага» U-19 қақпасын дәл көздеген болатын. Осылайша «Жил Висенте» командасы 19 жасқа дейінгі футболшылар арасындағы Португалия ұлттық чемпионатындағы бірінші орнын сақтап қалды. Естеріңізде болса, «Ертіс» футбол клубының түлегі биыл ақпанда «Жил Висентемен» келісімшартқа отырған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 21
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×