20 жастағы қазақстандық футболшы шетелдік клубқа ауысты

11.03.2021, 20:25
Бұл командада Қазақстан құрамасының футболшысы өнер көрсетеді.
20 жастағы қазақстандық футболшы шетелдік клубқа ауысты

Бүгін 20 жасқа толған жас шабуылшы Бақдәулет Зульфакиров белоруссиялық "Энергетик-БГУ" клубымен келісім-шарт жасасты, деп хабарлайды журналист Айдын Қожахмет өзінің телеграм арнасында.

Қазақстан жастар құрамасына үміткер ойыншы бұған дейін Бірінші лигада "Қыран" мен "Оңтүстік Академияда" ойнаған. Осы қыста ол Белоруссияға қаралымға барды, ал "Энергетик БГУ" жас футболшымен келісім-шартқа отыру туралы шешім қабылдады.

Бақдәулетке бұл клубқа бейімделу қиын болмайды, себебі аталған клубта Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Владислав Васильев өнер көрсетеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×