«Ордабасы» жанкүйерлерге қатысты мәлімдеме жасады

11.03.2021, 20:10
Жанкүйерлердің 30%-ы матчты алаңнан тамашалай алады.
«Ордабасы» жанкүйерлерге қатысты мәлімдеме жасады

14-наурызда футболдан OLIMPBET-Қазақстан Чемпионаты бастауын алмақ. Алғашқы турда «Ордабасы» өз алаңында петропавлдық «Қызыл-Жарды» қабылдайды. Кездесу Шымкентте, Қажымұқан атындағы Орталық стадионда өтеді. Ойынның жергілікті уақытпен 15:00-де басталады

Жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша стадионның жалпы сыйымдылығы есепке алынып, жанкүйерлердің 30%-ы барлық санитарлық нормалардың сақталуымен ойынға кіргізіледі.

Матч билеттерін 11-наурыздан бастап Қажымұқан атындағы Орталық стадионның кассаларынан сатып алуға болады. Билет саны шектеулі.

ҚКФЛ матчтарын өткізу хаттамасына сәйкес билеттерді сату ойынның басталуына үш сағат қалғанда тоқтатылады.

Жанкүйерлер матчты тікелей эфирде Qazsport телеарнасынан көре алады.

«Ордабасы» ФК баспасөз қызметі

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×